Оқу жылы қарсаңында 45 мың балаға көмек беріледі
45 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке керек-жарағын алады.
«AMANAT» партиясы «Баланы мектепке дайындайық!» қайырымдылық акциясын бастады. Бұл биыл осымен 13-мәрте өткізіліп отыр. Іс-шара көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған. Оларға көмек ретінде мектеп формасы, оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар беріледі. Мәселен, Павлодарда партиялықтар кеңсе тауарлары сатылатын екі ірі дүкеннің тұсына арнайы контейнерлер орнатты. Кез келген адам мұқтаж отбасылардағы балаларға оқу құралдарын қалдырып, қайырымдылық жасай алады. Партияның Алматыдағы мүшелері де игі шарадан шет қалмады. Мұнда отыз оқушыға жаңа оқу жылына арналған жиынтықтар табысталды. Былтыр аманаттықтар 23 мыңнан астам отбасындағы 42 мың оқушыны мектеп формасымен, сөмке және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
Бекзат Жексенбаев, ата-ана:
«Қуанышымызда шек жоқ. «AMANAT» партиясына айрықша алғысы айтамын. Бұл балаларға қолдау көрсету бағытындағы өте орынды көмек. Осы күні баланы мектепке дайындау оңай шаруа емес. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер».