Қармақшы ауданында жайлы мектеп құрылысы қолға алынды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында екі «Жайлы мектептің» құрылысы қолға алынады.

Бірі III Интернационал ауылынан бой көтерсе, екіншісі Жосалы кентіндегі мектеп-лицейдің орнына салынады. Негізі Жосалыдағы мектептің іргетасы 1961 жылы қаланған. Кейін бала саны көбейіп, оқу кабинеттері жетіспегендіктен қосымша ғимарат салынған. Бірақ жыл сайын мектеп-лицейдегі оқушы саны 30-40 балаға артып келеді. Әрі ескі ғимараттың кем-кетігін жылда жамау қиындық тудырған. Мамандар бұл мәселе 2025 жылға дейін шешімін табады деп отыр.

Гүлзира Әбдазиева Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы:

- Интернеттің жылдамдығы жоғары болу керек, соның ішіндегі талаптары. Барлық кабинеттер заманауи жабдықталған болады. Бұл жерде балалардың жақсы мүмкіндігі болатыны ғылыми ізденіске көп мүмкіндік болады.