ҰБТ-ға өтінім беру мерзімі ұзартылды

Қаңтардағы ҰБТ-ға өтінім беру мерзімі 11 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды 24KZ.

100 мыңға жуық абитуриент тестке қатысуға ниет білдірген. Мұндай үлкен лектің бір уақытта тіркелуі жүйедегі ақау мен орын жетіспеушілігіне түрткі болды. Сондықтан қосымша тестілеу орындары ашылып, өтінім қабылдау мерзімі ұзарды. Ал тестілеу 16 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

- Тіркеу басталғанда сайттан ақау шықты. Өткен жылы да дәл осындай мәселе болған еді. Абитуриенттердің бір уақытта кіруін жүйе көтере алмай қалған. Енді мұндай жағдайларды болдырмауға тырысамыз. Инфрақұрылымды жетілдірсек пе деген ниет бар.