Астанада генетикалық зертхана ашылды
Ұлттық биотехнология орталығынан генетикалық зертхана ашылды.
Онда тұқым қуалайтын аурудың алдын алу жайы зерттеледі. Мәселен, ананың құрсағындағы сәбидің ауруы дендеп кетпес үшін жүкті әйелдің гені зерттеліп, нәрестенің денсаулығы жақсы болуы үші барлық жағдай жасалады. Зертханаға құны 1 миллион доллар тұратын арнайы құрылғы алынған. Мұны пайдалана алатын маман да бар. Жаңа құрылғы уақытты үнемдеуге және шұғыл жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Ғалымдардың айтуынша келесі жылдан бастап, халық денсаулығын зерттеуге кіріседі.
Ерғали Әбдірайымов, Qazbiopharm ұлттық холдингінің бас директоры:
- Біздің алып келген қондырғыларымыздың мүмкіндігі көп. Және толық ашуға мүмкіндік береді. Оның көп ауруларды анықтауға көмегі көп. Біз бір маркерді анықтауға уақыт керек болса, бұл бір мезетте барлық маркерді анықтауға мүмкіндік береді. Уақыт қысқарады.