No comment: Шанхайда 420 фильм көрсетілді

Шанхайда 28-ші халықаралық кинофестиваль өтті. Биыл онда әлемнің 77 елі мен өңірінің таңдаулы киногерлері түсірген 420-дан астам фильм көрсетілді.

Шараны 450 мыңнан астам көрермен тамашалады. Фестиваль билет сатылымынан 38 миллион юань табыс әкелді. Қалада кино өнеріне арналған жәрмеңкелер мен түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, қорытынды бөлімінде дәстүрлі «Алтын кубок» сыйлығының жеңімпаздары анықталды.