Ескерту: Бірқатар өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады
Елдің бірқатар өңірінде күннің қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында найзағай ойнап, жаңбыр сіркірейді, кей жерлерде бұршақ жауады. Арқа мен Батыс Қазақстанда жел күшейеді. Оңтүстік облыстарда тұман түседі.
«Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында жауын-шашынның көптігінен өзендердегі су, қауіпті деңгейден асуы мүмкін», - дейді Қазгидромет. Астананың да аспаны күңгірт тартып, күн жаңбырлы болады.