Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Күн райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы қиындап, республикалық маңызы бар автожолдар жабылды. Қазір Абай, Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – Ресей шекарасына дейінгі тасжолда қозғалыс шектелді. Оған қоса Өскемен-Семей бағытындағы жолдар да ертең таңғы сағат 6-ға дейін жабық.
Мамандар алыс сапарға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып, алдын ала ақпарат алуға кеңес береді.