Жамбыл облысында жолдар жабылды

Жамбыл облысында күн райының бұзылуы себепті "Мерке-Шу-Бурыл байтал" автожолының 165-268 шақырымы аралығында Бірлік ауылынан Бурыл байтал ауылына дейін жол жабылды.

Сонымен қатар Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейінгі аралықта жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Бұл екі жол да шамамен таңғы 09:00-де ашылуы тиіс. Ал "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының Отар мен Қайнар ауылы арасындағы учаскесі ертең таңға дейін барлық көлік түріне жабық. Жолаушылар 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.