Республикалық жолда қозғалыс шектелді
«ҚазАвтоЖол» ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдың жабылғанын хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының Атамекен ауылы – Ақсу-Аюлы ауылы учаскесінде барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді. Мамандар жолды кешкі 7-де ашпақшы.