Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды 24kz.

Кей өңірлерде желдің екпіні күшейіп, сырма жүреді. Солтүстікте, шығыста, Павлодар және Қостанай облысында тұман түседі. Батыста желдің екпіні 20 секундына метрге дейін жетеді. Түркістан облысында жаңбыр жауады. «Әсіресе, таулы аудандарда өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін», - деп хабарлайды «Қазгидромет» мамандары.