9 ақпанға арналған ауа райы болжамы
![9 ақпанға арналған ауа райы болжамы](/media/k2/items/cache/c93d56e83036f3125f2f38a56d99135a_XL.jpg?t=20250209_024646)
09 ақпанда Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 09 ақпанда кей уақыттарда көктайғақ, тұман күтіледі.
№08 ҚҚ дауылды ескерту 2025 жылғы 08 ақпаннан 2025 ж. 08 ақпан 20 сағ. 2025 ж. 09 ақпан 20 сағ. аралығы
09 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
09 ақпанда күндіз Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 09 ақпанда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
09 ақпанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
09 ақпанда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
09 ақпанда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
09 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қ.: 09 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
09 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 09 ақпанда тұман күтіледі.
09 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, Мұғалжар ауданында кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбе қ.: 09 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.
09 ақпанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 09 ақпанда тұман күтіледі.
09 ақпанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 09 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
09 ақпанда Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с
08 ақпанның сағат 20:00-ден 09 ақпанның сағат 20:00-ге дейін Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
08 ақпанның сағат 20:00-ден 09 ақпанның сағат 20:00-ге дейін Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
08 ақпанның сағат 20:00-ден 09 ақпанның сағат 20:00-ге дейін дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
09 ақпанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
2025 жылдың 8-9 ақпанында Түркістан облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
08 ақпанда таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, 09 ақпанда тәулік бойы жаңбыр, түнде және таңертең облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 08 ақпанда облыстың оңтүстігінде, 09 ақпанда облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 08 ақпанда таңертең және күндіз жаңбыр, 09 ақпанда тәулік бойы жаңбыр, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, тұман күтіледі. қ. Түркістан: 09 ақпанда кей уақыттарда жаңбыр, тұман күтіледі.