Ақпанның екінші онкүндігінде ауа райы қандай болады?

Қазгидрометтің болжамы бойынша ақпанның екінші онкүндігінде күн райы тұрақсыз болады.

Елдің басым бөлігінде қар мен бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Соның әсерінен көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман басады. 

Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:

- Онкүндіктің ортасына қарай республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде 8-23-аяздан, шығыста 12-28 аяздан 2-10-ға дейін, күндіз 5-12 аяздан 0-5 аязға дейін жоғарылайды, кезеңнің соңында түнде 15-26-ға, күндіз 8-15 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.