NASA мен SpaceX Жерге қауіпті астероидтарды іздейді

NASA мен SpaceX Жер үшін қауіпті астероидтарды іздейді, деп хабарлайды 24kz.

Осы мақсатта ғарышқа NEO Surveyor телескобы жіберіледі. Бұрынғысының жарамдылық мерзімі аяқталып, былтыр қарашада әуеде өртеніп кеткен еді. Жаңа телескоп ғарышты инфрақызыл диапазонда зерттейді. Бұл күн сәулесімен шағылыспайтын, бірақ жылу шығаратын астероидтарды анықтау үшін қажет. Ғалымдар, әсіресе, көлемі 140 метрден асатын астероидтарға айрықша көңіл бөлмек. Өйткені олар жер шары үшін үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Бұл жоба 100 миллион доллар тұрады. Телескоп Флорида штатындағы айлақтан ұшырылмақ. Әзірге уақыты белгісіз.