Елде қар аралас жаңбыр жауады

Бүгін Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарында жаңбыр, қар жауады. Маңғыстау облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Арқада да жаңбыр жауу ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік пен Батыста бұрқасын соғады. Шығыста тұман түседі. Күн райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында Атбасар – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай бағытындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу бар.