Қазақстанда АЭС салынатын орын ресми бекітілді

Үкімет Қазақстандағы  алғашқы АЭС салынатын орынды ресми түрде бекітті.

Қаулыда көрсетілгендей стансаны салуға қолайлы деп таңдап алынған өңір Алматы облысы Балқаш көлі жағалауындағы Үлкен ауылы. Шешімді растайтын үкімет қаулысы ресми нормативтік актілер базасында жарияланды. Маңызды құжат бүгіннен бастап қолданысқа енді. Айта кетсек, Премьер-министр Олжас Бектенов 30 желтоқсанда құжатқа қол қойған.