Еліміздің аймақтарында ауа райы құбылмалы болады

27 ақпанда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, облыстың оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Облыстың батысында, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 27 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Талдықорған қ.: 27 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.
27 ақпанда Маңғыстау облысында қар, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын күтіледі Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20 м/с. Ақтау қ.: 27 ақпанда қар, көктайғақ, күндіз қатты қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с
27 ақпанда Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын.
27 ақпанда Ақтөбе облысының орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с.
27 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 27 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
27 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде қар, күндіз қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
27 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Орал қ.: 27 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Астана қ.: 27 ақпанда көктайғақ күтіледі.
27 ақпанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. күтіледі.
27 ақпанда Абай облысында түнде қар, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.
27 ақпанда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 27 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.
27 ақпанда түнде Павлодар облысының қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 27 ақпанда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қазгидромет