2024 жылы әр қазақстандық 11 кг тәтті өнімін тұтынды
Әрбір қазақстандық бір жылда 11 келі қант, бал, шоколад өнімдерін тұтынады, деп хабарлайды 24kz.
Оның тек 4,5 келісі – қант. Бұл жайлы Energyprom.kz ақпараттық порталы жазды. Айтайық, біздегі жұрттың дені глазурленген кәмпиттер мен тосапқа желік.
Айта кетейік, тәттіқұмарлардың басым бөлігі ауыл тұрғындары. Мұндай тауар түрлерін тұтыну бойынша Ұлытау облысы көш бастайды. Қарағандылықтар мен жетісулықтар да жиі пайдаланады. Ал Атырау облысының тұрғындары басқаларға қарағанда тәттіден тыйылған секілді.
2024 жылы – 10,8 кг
Қант – 4,4 кг
Қазақстандықтардың сүйікті тәттілері:
Глазурленген кәмпит – 675 грамм
Тосап, джем – 497 грамм
Бал – 448 грамм
Балмұздақ – 312 грамм
Шоколад – 245 грамм
Қант-рафинад – 80 грамм.