Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ертең, 28 сәуірде Шымкентте, Астанада және 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысында түнде батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түркістан облысының тауында найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 28 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында жоғарғы өрт қауіпі күтіледі.

Астанада найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.