26 мамыр күніне арналған ауа райы болжамы
Астана қ.: 26 мамырда солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Орал қ.: 26 мамырда түнде және таңертең тұман күтіледі.
26 мамырда түнде Жетісу облысында, күндіз облыстаң солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 26 мамырда найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
26 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыс бойынша найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 26 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
26 мамырда Абай облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады Семей қ.: 26 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
26 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Петропавл қ.: 26 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
26 мамырда Павлодар облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстысың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ: 26 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
26 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с. Алматы қ.: 26 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Қонаев қ.: 26 мамырда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
26 мамырда Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ: 26 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
26 мамырда Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырау қ.: 26 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. Қостанай қ.: 26 мамырда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
26 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 26 мамырда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
26 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: 26 мамырда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 26 мамырда таңертең және күндіз найзағай күтіледі.
26 мамырда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 26 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 мамырда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 26 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
26 мамырда Түркістан облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 26 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.