«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты ескерту жасады

 «ҚазАвтоЖол» ҰК Акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысында болуы ықтимал тұманға байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сонымен қатар 3 қараша күні түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Сонымен қатар Орал қаласында бүгін түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Осы ретте Акционерлік қоғам жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа райы қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға шақырды.