Қазақстандықтар көлік номерін өздері таңдай алады

Ендігәрі қазақстандықтар көлік номерін өздері таңдай алады. 

Елде мемлекеттік тіркеу номерлерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін ереже әзірленді. Түзетулер 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Көлік жүргізушілері өзі қалаған мемлекеттік номерді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына өтінім тастауы қажет. Қажетті әріптік және сандық белгілері бар нөмірлердің құны 36 мыңнан 64 800 теңгеге дейін бағаланады. Алайда бұл соманың жоғары сұранысқа ие мемлекеттік номер белгілеріне қатысы жоқ.