Ұшақ жолаушысының аты-жөнінен кеткен қателік тегін түзетіледі

Елде әуе жолаушыларының дербес деректерін түзету тәртібі жеңілдеді.

Бұған дейін ұшақ билеттерін рәсімдеу кезінде тегі, есімі және әкесінің атында кеткен қате үшін азаматтар айыппұл төлейтін. Бір ғана "Qazaq Air" әуе компаниясы былтыр 3800-ден астам жолаушының деректерін түзеткен. Көбінде екі әріпке дейін қате жіберілгені белгілі болды. Осы ретте Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы мен әуе компаниясы келісіп, жолаушының аты-жөнінде екі әріпке дейін қате кетсе, бұл үшін жолаушыға айыппұл салмайтын болды.