Ауа райына байланысты бірқатар жолда көлік қозғалысы шектелді
Бүгін кешкі сағат бестен бастап Астанадан Астраханка ауылына шығатын тас жолда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Бұл жайында Қазавтожол хабарлады. Сонымен қатар Қостанай облысында, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығында жүк және жолаушылар көлігі үшін қозғалыс жабық. Тобыл – Октябрьский, Көкшетау – Атбасар тас жолдарында да шектеу енгізілді. Алдын ала болжам бойынша көлік қозғалысы ертең таңғы 08:00-де ашылуы мүмкін.