Астана күніне орай ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

Фото: egov.kz

Астана күніне орай Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды «24KZ».

6 шілде күні ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

4 шілде күні азаматтарды қабылдау тек кезекші орталықтарда жүзеге асырылады. Кезекші ХҚКО-лар 09:00-ден 13:00-ге дейін, ал кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар 09:00-ден 12:00-ге дейін өтініштер қабылдайды. Дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүргізіледі.

7 шілдеден бастап барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз