Елімізде ауа температурасы 45 градусқа дейін жоғарылайды
Демалыс күндері күн ысиды.
Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, бүгін-ертең елдің басым бөлігінде ауа температурасы 35 градустан асса, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде сынап бағаны 45 градусқа дейін көтеріледі. Дегенмен, синоптиктер күн райы лезде құбылатынын да ескертіп отыр. Кейбір өңірлерде аптап ыстықтан кейін найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы да мүмкін.