Бірыңғай QR-код ресми түрде іске қосылды

Елімізде бірыңғай QR-код ресми түрде іске қосылды.

Енді ел азаматтары жүйеге қосылған сауда нүктелерінде кез келген банк қосымшасы арқылы төлем жасай алады. Осылайша қазақстандықтар тауарлар мен қызметтер үшін дербес әрі кедергісіз төлем жасауға мүмкіндік алды. Ұлттық банктің мәліметінше, бұл платформа былтырдан бері сынақ режимінде жұмыс істеген. Ал қазір ол цифрлық төлемдер саласындағы маңызды жобалардың біріне айналып отыр.