Елордада ауа райы құбылмалы болады

Елордада бүгін күн райы құбылмалы.

Кешкі және таңғы уақыттарда кей жерлерде тұман түседі. Күндіз ауа температурасы 21-23 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Алдағы күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.