Елордада хореографиялық оқу орындарының IV халықаралық фестивалі басталды
Ұмыт қалған балет тарихы қайта жаңғырды. Елордада «Temps lié» IV халықаралық фестивалінде көрермен назарына Мариус Петипаның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» атты сирек туындысы ұсынылды, деп хабарлайды 24KZ.
Бір ғасырдан астам уақыт сахналанбаған ерекше қойылымды қоюға Қазақ ұлттық хореография академиясының 130-ға жуық білім алушысы қатысты. Халықаралық фестиваль әлемнің жетекші хореография мектептерінің басын қосып, шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Мәдени шара Академияның 10 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.
Гүлнара Әлиева Концерттік, қызмет және сахналық практика бөлімінің жетекшісі:
– Балалар спектаклі – Академиямыз үшін үлкен жетістік. Василий Медведевтің бастамасымен Мариус Петипаның туындысын сахнамызда жаңғырттық. Бұл – жас бишілер мен педагогтер үшін үлкен тәжірибе.