«Отбасы банк» ипотекалық комиссияның шекті мөлшерін арттырды

31 қазаннан бастап «Отбасы банкте» ипотека бойынша комиссияның ең жоғары мөлшерін есептеу тәртібі өзгереді.

Негізгі мөлшерлеме бұрынғыдай несие сомасының 1%-ын құрайды. Алайда ірі көлемдегі қарыздар үшін комиссияның шекті мөлшері ұлғаяды. Несие сомасы 50 миллион теңгеден аспаса, комиссия бұрынғыдай 300 мың теңгеден жоғары болмайды. Ал несие сомасы 50 миллионнан 100 миллион теңге аралығында болса, комиссияның ең жоғары мөлшері 500 мың теңгені құрайды. 100 миллион теңгеден асқан жағдайда комиссия 1 миллион теңгеге жетеді. Жаңа ереже 31 қазаннан бастап қабылданған өтінімдерге қолданылады және бұған дейін берілген несиелерге қатысты болмайды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында берілетін несиелер үшін комиссия алынбайды.

Сондай-ақ оқыңыз: