Қазгидромет: Жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады
Жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырған антициклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның орнын солтүстік циклон басады.
Алдағы үш күнде ол алдымен еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерінде ауа райының нашарлауына себеп болады.
Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары болжанады.
5–6 қарашада республиканың батысында, солтүстік-батысында нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар), ал 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болжанады.
Ауа температурасы батыста түнде 0,+7°С, күндіз +3+14°С, солтүстік-батыста түнде -1-8°С, күндіз +1+15°С болады.
Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -3-8°С-тан +1+6°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +5+13°С-тан +1+10°С-қа дейін төмендейді. Елдің шығысында түнгі температура -3-8°С-тан 0,+5°С-қа дейін жоғарылап, күндіз +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі күтілмейді.