Шаңырақ. Шешен ұлты

Ұлы Отан соғысының аяқталар тұсында неміс басқыншыларына көмек көрсетті деген заңсыз әрі негізсіз желеумен Солтүстік Кавказ халқы туған жерінен күштеп көшірілді. Ресми деректерге сүйенсек қазақ жеріне көшірілген шешендер мен ингуштардың саны 411 мыңнан асады. Алғашқы жылдары соның 30 пайызы опат болыпты. Ол кезде мен небәрі 7 жаста едім. Барлығы бүгінгідей көз алдымда деп еске алады ақсақал Илес Ражапов. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы депортацияның көзі тірі жалғыз куәгері. Бүгінде Бірлік ауылында тұрады. Бұл ауылдың 99 пайызы шешен ұлтының өкілдері. Мұнда олардың өз тәртібі мен өз салты бар. Толығырақ бүгінгі шығарылымда.