Ауа райы: бес өңірде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы: бес өңірде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» мамандары еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жасады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Шығыс Қазақстанда шыңылтыр аяз болады. Ауа температурасы минус 42-ге дейін төмендейді. Түркістан, Ақмола облысында тұман түседі. Ал Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл аймағында екпіні қатты жел соғады.