Төрт облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

5 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с күтіледі.

Болжамның ықтималдылығы 85-90%.

5 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: күндіз 5 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Болжамның ықтималдылығы 90-95 %.

Түнде 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде 42 градус қатты аяз сақталады.

Болжамның ықтималдылығы 95-100 %.

5-6 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шымкент қ.: 5-6 қаңтарда кей уақытта тұман сақталады. Туркістан қ.: 5-6 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Болжамның ықтималдылығы 90-95 %.

Қазгидромет

Сондай-ақ...