Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» 12-14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Атлантикалық циклон елдің басым бөлігінде жауын-шашын әкеледі: солтүстікте жаяу бұрқасын мен қар, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде. Содан кейін елдің басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон жылжиды. Осыған байланысты кезеңнің соңына қарай ауа райы ашылып, ауа температурасы төмендейді деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.