«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге алыс сапардан бас тартуға кеңес береді

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге алыс сапардан бас тартуға кеңес береді
azattyq-ruhy.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2021 жылғы 4-8 ақпан аралығында ауа райының қолайсыздығына, яғни қалың қар, бұрқасын, қар аралас жаңбыр мен көктайғаққа байланысты және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес береді.

Жолға шыққан жағдайда, қауіпсіз маршрутты таңдау, жол ережелерін сақтау, қауіпсіз арақашықтық пен жылдамдықты ұстану қажеттілігі туралы ескертілді. Шұғыл тоқтау және маневр жасау кезінде абай болу керектігі де айтылды.

«Кез келген күрделі жағдайда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 1403 нөміріндегі байланыс орталығына немесе 102, 112 нөміріндегі төтенше қызметке хабарласыңыздар», – делінген ұйымның баспасөз қызметі таратқан мәліметте.