Елордада сауда үйлерінің жұмыс уақыты өзгерді

Елордада сауда үйлерінің жұмыс уақыты өзгерді

Елорданың сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс уақытын сағат 23:00-ге дейін ұзартты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік және шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Сонымен 2 ақпандағы жаңа қаулыға сәйкес бизнес-орталықтар, іскерлік үйлер, сондай-ақ олардың ішінде орналасқан объектілер жексенбіден басқа, жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-эпидемиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді.

Сенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері де жұмысын жандандырады. Бір келушіге 4 м2 есебінен аспайтын, толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтаған кезде бұл объектілер жексенбіден басқа, яғни жұмыс күндері мен сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Сондай-ақ жаңа қаулыға сәйкес жабық азық-түлік базарлары жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік арақашықтық міндетті түрде сақталуы тиіс.