Бірқатар өңірде жолдар жабылды

Бірқатар өңірде жолдар жабылды

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, өңірлерде республикалық және облыстық маңыздағы жолдар күн райының бұзылуына байланысты жабылды.

Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласынан шығатын тас жолдарда көлік қозғалысы тоқтады. Ақтөбе және Қостанай облыстарында да бірқатар бағытта жол жабық. Ақмола, Петропавл, Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында да жол қатынасы шек қойылды. Нақты деректі «Қазавтожол» мамандары ұсынған мәліметтен анықтауға болады. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілер мен жолдаушылардың барынша қауіпсіздік мәселесін ескеріп, мейілінше сапарға шықпауға кеңес береді.