Ғалымдар: Екі маска тағудың қажеті жоқ

Коронавирустан қорғану үшін бір уақытта екі маска тағудың пайдасы шамалы. Жапондық ғалымдар осылай деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күншығыс елінің мамандары әлемдегі ең жылдам суперкомпьютер нәтижелеріне сүйенген. Зерттеу көрсеткендей, бетті толық жабатын бір реттік маска коронавирустан 85%-ке қорғайтын болып шыққан. Ал, сондай екі бетперде киген жағдайда бұл көрсеткіш небәрі 4%-ке ғана артатын көрінеді. Яғни қорғаныс деңгейі 89%-ті көрсеткен.