Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді
Liter.kz

Алматыда 13-14 наурызда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады.

Қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты демалыс күндері, яғни 13-14 наурызда автобустар, троллейбустар мен метро жұмысы тоқтатылады.

15 наурыз күні сағат 6:00-ден бастап қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданады.