Адам денсаулығына аса қауіп төндіретін тағамдар аталды

Бавария тұтынушылар орталығының диетологтары құрамындағы заттардың әсерінен өлім қаупін тудыратын қарапайым тағамдарды атады.

Біріншіден, көп мөлшерде май мен тұз қосылған қуырылған шұжықтар аса зиян. Олар онкологиялық және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін тудырады.

Сонымен қатар консервілер де денсаулыққа қауіпті, өйткені олардың қаптамаларында адамның дамуын тежеп, бедеулік пен қатерлі ісікке әкелетін бисфенол А болуы мүмкін.

Сынаппен ластанған балықтар мен мышьякқа бай жылтыратылған ақ күріш те адам өміріне қауіпті. Бұл тағамдарды өте аз мөлшерде тұтыну керек.

Сарапшылар сонымен қатар бәліш (пончик) пен попкорнның қауіпті екенін айтып өтті. Өйткені олардың құрамындағы май ағзаға зиян. Сондай-ақ өте көп мөлшерде қытырлақ картоп және газдалған сусынды тұтынуға болмайды.