Еліміздің бес облысы мен Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бес облысы мен Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің бес облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің хабарлауынша, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерін қою тұман тұмшалайды. Павлодар және Қызылорда өңірлерінде екпінді жел тұрады. Елордада да бүгін секундына 20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Бірақ бұған қарамастан, ауа температурасы 19 градусқа дейін жылынады.