Елімізде өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

Елімізде өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

Оңтүстік өңірлерде үздіксіз жаңбыр жауып, өзендерде су деңгейі көтеріледі. Осыған байланысты Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарына дауылды ескерту жарияланды.

Әсіресе Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында қар көшкіні жүруі мүмкін деген болжам бар. Сондықтан жергілікті тұрғындар мен туристерге тауда абай болып, қарлы беткейлерге шықпауға кеңес береді синоптиктер. Ал еліміздің батыс бөлігінде желдің екпіні күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Оның ішінде Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. Осындай жағдай Қызылорда облысында да байқалады. Ал елордада күн райы тұрақты. Күндіз сынап бағанасы 9 градусқа дейін көтеріледі.