Астанада Космонавтар көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты 21 сәуірден бастап Қабанбай батыр даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі аралықта Космонавтар көшесі бойында қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын бастады. Осыған байланысты 21 сәуірден бастап Қабанбай батыр даңғылынан Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі Космонавтар көшесінде қозғалыс жабылды. Жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары осы жылдың 27 сәуіріне дейін жүргізіледі.