Атақты Columbia Pictures логотипіндегі қыз кім

Атақты Columbia Pictures логотипіндегі қыз кім

Columbia Pictures - 1919 жылы құрылған танымал және сәтті фильмдерді шығарушы американдық кинокомпания.

Көрермендердің көпшілігі кинокомпанияны логотипі арқылы бірден танып жатады. Онда қолында шамы бар қыз және «Columbia» жазуы бейнеленген. Көпшілік үшін бұл қысқа есте қаларлық кіріспе фильмнің сөзсіз ұнайтынына кепіл бола алады.

Компанияның логотипі басқалардан несімен ерекшеленеді? Оның басты кейіпкері - ежелгі грек құдайына ұқсайтын, ұзын көйлек киіп, алау ұстаған қыз.

Компания бастапқыда CBC Film Sales Corporation деп аталды. Бірақ көп ұзамай негізін қалаушы Гэри Кон мұндай қызықсыз атау ешкімнің назарын аудармайтынын түсініп, Америка Құрама Штаттарын бейнелейтін Columbia атты әйел бейнесінің құрметіне Columbia Pictures деп өзгертеді.

Логотип дайындау кезінде басты кейіпкер қыз болуы керек деген шешім қабылданады.

Бастапқыда жанып тұрған алаудың орнына зәйтүн бұтағы мен қалқан ұстап, Рим сарбазын бейнелеу керек болады.

Кейіннен логотип тез арада басқа логотиппен алмастырылады, онда қыз бір қолына алау ұстап тұрады және жасаушылар қалқаннан арылу қажет деп санайды.

Логотиптің тұжырымдамасы 1928 жылы түпкілікті құрылып, содан бері ешқандай өзгеріске ұшырамайды, тек оның графикалық құрылымы өзгереді. Бұл нұсқа 40 жылға сақталды.

Қазір түрлі-түсті логотиптер әлемді жаулап алуда. Columbia Pictures де бұдан шет қалмады.

1992 жылы кинокомпанияның логотипін цифрландыру туралы шешім қабылданады. Жаңа логотипті жасау үшін студия Майкл Дж.Диас атты суретшіні жалдайды. Оның мақсаты - логотиптің негізгі тарихын сақтап қалу еді.

Логотипті жасау үшін Майкл компанияның графикалық редакторы, 28 жастағы Дженни Джозеф есімді қыздан көмек сұрайды.

Бір қызығы, бұл оның модель ретіндегі алғашқы және соңғы түсірілімі болған.

Ақпарат көзі: mydiscoveries.ru

Аударған: Баян Әжмұхан