Елордада Иманов көшесіндегі көпір жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін жабылады

Елордада Иманов көшесіндегі көпір жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін жабылады

Елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы аудан әкімдігімен келісе отырып, Иманов көшесінің бойында, яғни Ақбұлақ өзенінің үстіндегі көпірдің металл конструкцияларын бояу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Көпір конструкцияларын бояу жұмысына байланысты осы жылдың 10 шілдесінен 1 тамызына дейін жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін қозғалыс ішінара шектеледі, сондай-ақ Пушкин көшесінен Ақбұлақ өзеніне дейінгі спорт алаңдары жабылады. Бұл жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.