Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Орталығы Сібірдің батысында орналасқан циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер, елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына әсерін сақтайды. Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Бұл аймақтардағы температура фоны түнде 8...15-ке дейін төмендейді, ал күндіз 17... 22 градус жылуға дейін жетеді. Республиканың қалған аумағында кең антициклон құрғақ және шуақты ауа райын қамтамасыз етеді. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 45 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі», - делінген хабарламада.