Жұмыс берушімен сұхбат кезінде айтуға болмайтын 5 нәрсе

Жұмыс берушімен сұхбат кезінде айтуға болмайтын 5 нәрсе
bigmir)net

Сұхбат жұмыс берушіге адамды жақыннан танып, оның бойындағы қалыптасқан дағдыларды тексеруге мүмкіндік береді. 

Өзіңіз қалаған жұмысқа орналасқыңыз келсе, жұмыс берушінің сұрақтарына нақты жауап беріңіз. Және төмендегі кеңестерге құлақ түріп, артық әңгімеден аулақ болыңыз.

1. Ақша туралы айта беру

Жалақы туралы сұраққа бірден әңгімені ақша тақырыбына аударып, мақсатыңыз миллиондап қаржы табу екенін айтпаңыз. Әйтпесе, жұмыс берушіде басқа ойлар туады. Яғни ол сізді үйрету үшін уақыт пен ақша жұмсайды. Кейін сізге басқа компания жоғары жалақы ұсынса, сіз кетіп қалады деген пікір қалыптасуы мүмкін.

2. Алдыңғы жұмыс орныңыз туралы теріс пікір

Бұрынғы жұмыс орныңыз және ондағы әріптестеріңіз туралы жаман ой айтудан аулақ болыңыз. Себебі жаңа жұмыс беруші кейін өзі туралы да осындай пікір айтуы мүмкін екенін ескеріп, сізді жұмысқа алудан бас тартуы мүмкін.
 
3. Мүмкіндіктеріңіз туралы жалған сөйлеу
 
Біз түйіндеме жасауда көбіне өз мүмкіндігімізді асыра сілтеп жазып жатамыз. Бұл дұрыс емес. Шыншыл болыңыз. Қолыңыздан келмейтін затты ашық айтыңыз.
 
4. Өмірбаяныңызды толық айтпау
 
Өмірбаяныңыз туралы сұрағанда, өміріңіздегі ұсақ-түйек жағдайларды айтпаңыз. Жұмыс берушіге сіздің қайда жұмыс істегеніңіз, қандай міндеттерді орындағаныңыз, қандай жетістікке жеткеніңіз, сондай-ақ бұл компанияда не өзгерте алатыныңыз маңызды.
 
5. Жеке тақырыптарға көшу 
 
Сұхбат кезінде отбасыңыз, немен ауырғаныңыз туралы сондай-ақ сүйікті ісіңіз туралы да айтудың қажеті жоқ. Кеңес беріп, көп сөйлеу жұмыс берушінің уақытын алады және оны жалықтыруы әбден мүмкін.