Өрт қаупі, шаңды дауыл: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Өрт қаупі, шаңды дауыл: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Күндіз 20 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күші облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 20 тамызда жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Таулы аудандарда және облыстың батысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.  

Түркістан қ.: 20 тамызда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с қүтіледі. Облыстың барлық аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.

Орал қ.: күндіз 20 тамызда 40 градус өте қатты ыстық қүтіледі.

Қарағанды облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: күндіз 20 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. 20-22 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында 15-20 м/с, 21 тамызда екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Тараз қ.: күндіз 20-21 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.