Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдеді

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдеді

Бас қала коронавирустың таралуы бойынша «қызылдан» «сары аймаққа» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда үйде әлі де той-томалақ өткізуге болмайды. «Ашық» қосымшасына тіркелген дәмхана, мейрамханалар кідіріссіз жұмыс істей береді. Сосын аталған қосымшасы бар ойын-сауық нысандарына ғана баруға рұқсат. Жұмысқа тек вакцина алған қызметкерлер шығады. Соңғы үш айда коронавирус жұқтырып, екпе қабылдамаған азаматтар да жұмысқа бара алады. Бірақ міндетті түрде әлгі адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетуі тиіс. Мұндай кезде қызметкер әр апта сайын ПТР сынамасын тапсырып отыруы қажет.