Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі

Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашын күтіледі
gismeteo.kz

Қазақстан бойынша 2021 жылдың 9-11 қарашасына арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Солтүстік-Батыс циклонның әсерінен Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігінің басым бөлігінде жауын-шашын болады, елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болжанады, кезең соңына қарай ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі: түнде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 0...10 аязға дейін, күндіз 5 аяз-5 жылуға дейін, оңтүстік-батыста түнде 2-7 жылы аралығында, күндіз 5-10 жылуға дейін, солтүстікте болса 2 аяз-3 жылыға дейін жетеді.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады: күндіз ауа температурасы 5...15 жылыға дейін көтеріледі деп күтілуде. Республика бойынша жел 15-23 м/с дейін күшейеді.